Тарихи сәт: Artline Kazakhstan Еуропа төрінде көлік спортының шыңына шықты

Ақтоты Жапатова 21 июл. 2025 16:26

Қазақстандық Artline Kazakhstan автоспорт командасы Италиядағы әйгілі Misano автодромында өткен GT2 European Series кезеңінде сенсациялық жеңіске жетті. Pro-Am класында бірінші, ал жалпы есепте екінші орыннан жарысты бастаған команда финалға бірнеше минут қалғанда көш бастады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Artline Kazakhstan командасы Италияда GT2 European Series кезеңіне қатысып жатыр.Қазақстандық команда таңертеңгі іріктеу кезеңінде табысты өнер көрсетті.

Шота Абхазава Pro-Am класында бірінші орынды иеленді, ал Егор Оруджев өз жарысын үшінші орында аяқтады. Бұл команданың Pro-Am класста бірінші, ал жалпы есепте екінші орыннан жарысқа шығуына мүмкіндік берді.

Бүгін бірінші жарыс өтіп, командамыз лайықты жеңіске қол жеткізді. Жарыстың басында рөлге отырған Шота Абхазава Pro-Am класында сенімді көшбасшы болып, абсолюттік есепте екінші орында жетекшілік етті. Пит-стоптар кезінде рөлді жарысшылар ауыстырды.

Жарыстың 30-шы минутында рөлге Егор Оруджев отырды және өзінің жарты сағаттық бөлімін тамаша өткізді. Ол Pro-Am классында алда келе отырып, финалға 6 минут қалғанда AM класындағы Maserati жүргізушісі Philippe Prette-ге шабуыл жасап, жарыстың көшбасшысы атанды. Қалған бес айналым ішінде Егор екінші орыннан басымдығын 3,5 секундқа дейін арттырды.

Қазақстанның туы подиум үстінде желбіреп, еліміздің әнұраны енді Италиядағы Misano жарыс трассасында да шырқалды.


Рекомендовать
Последние новости