Тарбағатайда ең таза ауылға 10 млн теңге сыйақы тағайындалды

Dalanews 09 апр. 2024 20:58 2397

Шығыс өңіріндегі Тарбағатай ауданы «Таза Қазақстан» деп аталған республикалық экологиялық акцияға белсене қатысып жатыр.

Аудан басшысы ең таза ауылға 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы бермек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сондай-ақ экологиялық акция қорытындысы бойынша «Ең таза көше» және «Ең үлгілі аула» аталымының иегерлері анықталады. 

«Ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар мен еріктілерді ұйыстыра отырып «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді-мекендерді, көшелерді, саябақтары мен алаңдарды, жайылымдарды тазалап, өзен-көлдердің жағалауына сенбіліктер ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілген. Үйлерінің қасбетін  әктеп, сыртқы  қақпасы мен қоршауын түзу орнатқан, сырлаған, арықтардың жиегін түзу тартқан, көшелері тазалап, күл-қоқысты шығарған,  ағаштардың түбін әктеген,  гүлдер отырғызып ауланы әсемдеген ауыл тұрғындарының 10 миллион теңге ұтып алып, қаражатты  ауылды абаттандыруға  мүмкіндіктері бар», - деп жазылған ауданы әкімдігі ресми парақшасында.

Рекомендовать
Последние новости