Талдықорғандықтар апатты үйде тұрып жатыр

Dalanews 21 июн. 2022 13:28 855

Талдықорған қаласының аумағында 300-ден астам азамат 14 апатты үйде тұрып жатыр. Ескі үйлер Кивилев, Шевченко, Абылай хан көшелері мен Жетісу шағын аумағында орналасқан.

Бұл шаһар басшысы Әсет Масабаев брифингте мәлім етті.

Кивилев көшесінің бойында 8 пәтерлі 4 үй орналасқан. Оның ішінде 29 пәтердің меншік құқығы бар. Ал, үшеуі заңдастырылмаған. Бүгінде апатты үйлердің иелерін көшіру мақсатында Кивилиев көшесіндегі 27 пәтер сатып алынған.

«Бұл үйлер тұрғындарға «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында дайындалған «Талдықорған қаласының 2022-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы» шеңберінде беріледі. Яғни, бұл бағдарлама апатты тұрғын үйлерді сүріп, одан азаматтарды көшіруді қарастырады», - деді қала басшысы.

Рекомендовать
Последние новости