Талдықорғандағы жер сілкінісі Шерзат сотында эфирге түсіп қалды

Көркем Алдабергенова 23 мая 2025 16:21

Талдықорғандағы жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Болжам бойынша магнитудасы 4,0 балл болған. 

Жер сілкінісі Талдықорған аймағында 15:58-да қатты сезілген. 

Ал ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған  қаласынан солтүстікке қарай 12 км. жерде орналасқан.

Жер сілкінісі болған сәт Шерзат Болаттың өліміне байланысты өтіп жатқан соттың тікелей эфиріне түсіп қалды. 

Судья қатысушылардың өтініші бойынша үзіліс жариялап, қазіргі таңда қайтадан сот отырысын жалғастырды.

 


Рекомендовать
Последние новости