Талдықорғандағы аялдамаларды күтіп ұстауға 61,3 миллион теңге қаражат бөлінген

Dalanews 21 июн. 2022 13:13 797

Талдықорған қаласында 282 аялдама кешені бар. Оларды күтіп ұстауға биыл қазына қоржынынан 61,3 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы шаһар басшысының журналистермен өткен брифингінде белгілі болды.

Бүгінде шаһардағы 21 смарт аялдаманы жаңарту үшін байқау өтіп жатыр. Яғни, заманауи аялдамаларға шексіз ғаламтор, смартфондарды зарядтау тетіктері, қоғамдық көліктердің бағыттары көрстеліген электронды тақтайшалар, бейнебақылау камераларын орнату, сонымен қатар, шатыр және күн панелдерін жөндеу көзделген.

Сонымен қатар сәуір айынан бастап, Шығыс шағын ауданында, Шахворостов, Гагарин, Алдабергенов, Біржан сал көшелерінде, Қадырғали Жалайыр даңғылында 10 аялдама кешенін салу жұмыстары басталған.



Құрылыс жұмыстары шілде айында аяқталады деп жоспарланған.

Қалада 26 бағыт бойынша ,7қоғамдық көлік тасымалдаушы бар. Ұйымдардарда барлығы 230 қоғамдық көлік болса, оның 190-ы күн сайын желіге шығады.


Биыл қалалық тасымалдаушылар ұйымы жалпы құны 2,3 миллиард теңгеге 55 автобус сатып алған. Сонымен қатар, шаһардың әлеуметтік маңызды бағыттарында жұмыс атқаратын тасымалдаушыларға 430 миллион теңге субсидия бөлінген.

Рекомендовать
Последние новости