Tabys мобильді қосымшасы инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Dalanews 23 февр. 2022 16:51 734

Инвесторларға арналған Tabys мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы әзірленді. Заман талабына сай апгрейдтен өткен қосымша енді клиенттерін көпшілікке қажетті жаңа мүмкіндіктерімен қуантпақ.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсан айында іске қосылған Tabys қосымшасы бүгінге дейін смартфондарға 160 мың рет жүктелініп, 17 мың адам тіркеуден өтті. Соның ішінде 7 мың адам белсенді түрде инвестициямен айналысады. Қосымша арқылы инвестициялаудың көлемі шамамен 3 млн АҚШ долларды құрайды. Дегенмен, кез келген жаңа дүние уақыт өте келе жаңартуларды талап етеді. Осы орайда Tabys қосымшасын жасаушылар да қарап қалмай, клиенттеріне 6 жаңалығын ұсынды.

Жаңарту №1. Tabys 2.0 клиенттері енді бір-біріне бағалы қағаздарды телефон нөмірі бойынша сыйға бере алады.

Tabys-тағы бұл маңызды жаңарту қазақстандықтардың бір-біріне бағалы қағаздарды сыйлық ретінде бірнеше рет шерту арқылы жіберу мүмкіндігін береді. Бағалы қағаздарды Tabys арқылы сыйға беру оп-оңай. Ол үшін адамның, банк шотының нөмірі де, жеке куәлігі мен ЭЦҚ да қажет емес. Тек Tabys қосымшасында сыйлық алушының телефон нөмірін терсеңіз болғаны.

Жаңарту №2. Клиенттер өздерінің нақты қаржылық мақсаттарына сай инвестиция жасай алады.

Аталмыш функциямен клиент өзінің әр мақсаты үшін бірден бірнеше портфель қалыптастыра алады. Мақсаттарыңыз әртүрлі болуы да мүмкін. Мысалы, бірінші портфельге машина сатып алуға ақша жинау үшін инвестициялайсыз, екіншісіне – балаларыңызды оқытуға, ал үшіншісіне – зейнетақыңызға лайықты үстеме ақшаны қамтамасыз ету үшін инвестициялайсыз.

Жаңарту №3. Қосымшамен тіркелусіз-ақ танысуға болады

Әлбетте, әр адам кез келген таңсық дүниеге сенімсіздікпен және күмәнмен қарайтыны түсінікті. Білмейтін нәрсеге жеке деректерімен бөлісуге, банк картасының нөмірін енгізуге адамдардың барлығы бірдей дайын емес. Сондықтан, бұл функция инвестициялауға кіріспес бұрын қосымшамен танысып алуға мүмкіндік береді. Ол үшін қосымшаны жүктеп алып, «Мен дайынмын» батырмасын басасыз, сосын телефон нөмірі мен аты-жөніңізді енгізесіз. Телефон нөмірі бұл жерде қосымшаны спамнан қорғау үшін қажет.

Бұдан кейін потенциалды инвестор қосымшаның әр функциясымен үтір, нүктесіне дейін танысып шығып, ары қарай пайдалануға бола ма, әлде қажет емес пе деген сұрағына жауап ала алады.


Жаңарту №4. Биржалық нотаның құрамы егжей-тегжейлі сипатталған жаңа интерфейс

Әу баста Tabys қосымшасы шыққанда клиенттердің жиі білдірген тілектерінің бірі – биржалық ноталарды егжей-тегжейлі сипаттау болған еді. Енді клиент «Инвестициялар дүкені» парағында  кез келген нотаға басып, ол бойынша өзіне қажетті ақпараттың бәрін ала алады. Сондай-ақ, үй парақшасында пайдаланушы соңғы инвестицияның қашан жасағанын көретін болады. Егер сіз бір айдың ішінде инвестиция жасамаған болсаңыз, қосымша бұл туралы сыпайы түрде есіңізге салады.

Жаңарту №5. AIX-тің серіктес брокерлерінің тізімі

Tabys қосымшасы – қор нарығындағы жол сілтеуші білім беру жобасы. Сонымен қатар, бұдан да ірірек инвестицияларға барар жолдағы алғашқы қадам.

Егер пайдаланушы өзін брокерде шот ашуға дайынмын деп санаса, «Бейін» парақшасында АІХ-тің сауда мүшелерімен толыққанды танысып шыға алады.

Жаңарту №6. Қазақ және орыс тілдерінде Whatsapp қолдау

Клиенттерден түскен көптеген өтініштер бойынша, енді Tabys пайдаланушылары қазақ және орыс тілдерінде Whatsapp қолдау функциясы қолжетімді. Яғни, тіркелу кезінде немесе одан кейінгі кезеңдерде пайдаланушыда қандай да бір сұрақтар туындаса, онда «Whatsapp қолдау» қызметіне (+7 776 290 98 95) жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін хабарласуға болады. Бұдан бөлек, клиент сұрақтарды қосымшаның өзіндегі чат-ботқа қойып, қосымшадан шықпай-ақ «Хабарлама» парақшасында лезде жауап ала алады.

            Айта кетейік, Tabys мобильді қосымшасының мақсаты – қазақстандықтарды қор нарығындағы инвестицияларға қатыстыру.


Бағалы қағаздар себетіне аздаған сомалардан бастап инвестициялаудың қарапайым әрі ыңғайлы тәсілін ұсыну. Инвестициялар әлемімен таныстырып, брокерлік компаниялар арқылы анағұрлым ірі салымдар жолындағы алғашқы саты болу. Tabys мобильді қосымшасы АІХ биржасының көмегімен жасалған.

Рекомендовать
Последние новости