Сұйытылған газ бағасы 5 теңгеге көтерілуі мүмкін

Dalanews 14 июн. 2022 03:56 933

Үкімет сұйытылған газдың шекті бағасын көтереді. ҚР Энергетика министрлігі газ бағасын тоннасына 33 600 теңгеден бекітті, – деп хабарлайды КТК арнасы.  

Жаңа баға 1-шілдеден бастап күшіне еніп, 2023 жылдың 30 маусымына дейін сақталмақшы.

Ал оған дейін газдың шекті бағасы тоннасына 28  мың теңге болып қала береді. Жаңа өзгерістер күшіне енетін уақытта сұйытылған газ бағасын көтеруге енгізілген мораторий аяқталуға тиіс.

Демек жанармай бекеттерінің иелері де көгілдір отын құнын көтеруге қамданатыны анық.


Энергетика министрлігі бұл өзгерістерден көтерме газдың бағасы айтарлықтай өспейтінін айтуда. Яғни, қарапайым тұтынушылар үлкен айырмашылықты сезінбейді.

Сұйытылған газ бағасы министрліктің болжамынша 2-ден 5 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости