Стратегиялық инвесторларға басымдық: сенат жер қойнауын пайдалану заңына түзетулер енгізді

Қаракөз Амантай 18 дек. 2025 15:12

Қазақстанда енді стратегиялық инвесторлар пайдалы қазбаларды зерттеу және өндіру кезінде аукционсыз басым құқыққа ие болады. Сонымен қатар саланы реттеу күшейтіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл түзетулер "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заңға енгізілді. Сенат депутаттары заң жобасын екі оқылымда мақұлдады.

Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов заң жобасын таныстыра отырып, біртұтас Жер қойнауын пайдалану платформасы саланың негізгі цифрлық инфрақұрылымы ретінде жұмыс істейтінін айтты.

Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес:

  • Жер қойнауын пайдалану біртұтас цифрлық платформа арқылы бақыланады және жанармай-энергетика кешенін басқару жүйесімен интеграцияланады.
  • Ұлттық геологиялық қызмет платформаны және деректерді басқару операторына айналады.
  • Жер қойнауын пайдалануда ішкі елдік құндылық үлесі 50%-дан 70%-ға дейін арттырылды.
  • Стратегиялық инвесторларға қатты пайдалы қазбаларды зерттеу мен өндіруде басым құқық беріледі.
  • Ірі жобалар үшін минималды инвестиция – 14,5 млн МРП, қайта өңдеу жобаларына арналған инвестициялық жеңілдіктер кеңейтілді.
  • Жалған есеп беру және талаптарды бұзу жағдайында жауапкершілік күшейтілді.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан заңның экологиялық және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті. Ол, сонымен қатар, елде қатты пайдалы қазбаларды пайдаланатын шамамен 3 500 субъект бар екенін айтты.


Рекомендовать
Последние новости