"Қазгидромет" 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар аймағында қар жауып, боран болады. Әсіресе Шығыс Қазақстан өңірінде мол қар түсуі ықтимал.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде жауын-шашын күшейіп, жолдарда көктайғақ пайда болады, жел екпіні артады. Сонымен қатар ел аумағында тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды алыс сапарларға шықпауға және жолда жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.
