СҚ-Фармация қызметін Антикор тексереді

Dalanews 04 окт. 2023 12:03 880

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр.

Талдау шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алу, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, сондай-ақ медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры және «СҚ-Фармация» ЖШС қызметі мәселелері зерделенбек.

Талдау агенттіктің, Денсаулық сақАнтитау министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізіледі. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдауға қатысуға шақырады.

“Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, оны abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz электронды поштасынаа жіберуіңізге болады” – делінген хабарламада.

Рекомендовать
Последние новости