Сотталған Садыр Жапаров Үкімет басшысы болды

Dalanews 06 окт. 2020 16:56 1042

Қырғызстанның Жоғарғы кенеш депутаттары сотталған Садыр Жапаровты премьер-министр қызметіне бекітті, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі kg.akipress.org сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шешім Жоғарғы кенештің шұғыл отырысында қабылданған. Депутаттар өздерінің шұғыл басқосуын Бішкектегі «Достық» қонақүйінде өткізгенін айта кетуіміз керек.

Осыған дейін Жоғары кенеш депутаттары премьер-министр Қуатбек Борановтың жұмысын тоқтатуға қатысты арызын қараған болатын.

Жоғары кенештің шұғыл басқосуына 30-дан астам депутат қатысты деген ақпарат тарауда.

Рекомендовать
Последние новости