Алматы облысындағы немістердің «Таубұлақ» экокемпинг шарасына қызығушылар көп

Dalanews 04 сент. 2020 16:31 883

Алматы облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясы Жетісу жеріндегі өзге ұлт өкілдерінің этномәдени бірлестіктерінің жұмысын күшейтуге, оларға өз дәстүрлерін жаңғыртып, әдет-ғұрыптар мен салт-дәс­түрлерді, ұлттық мәдениетін меңгеруіне барынша қолдау көрсетіп келеді. Жетісудағы өзге ұлт өкілдерінің ұйымдары да еліміздің жан-жақты дамуына өз үлесін қосуда. Көрікті жерлерімен көз тартқан Алматы облысы, өзінің табиғаты сұлу жерлерімен әлемге танымал. Осы ретте Алматы облысы аумағында тұратын неміс ағайында бірнеше жылдан бері «Таубұлақ» экокемпинг іс-шарасын ұйымдастырып келе жатқанын айрықша атап айтуға болады.

Алматы облысының аумағындағы аспанмен тілдескен биік таулар, мәңгі мұздықтар мен көркі көз тартқан кермет аймақтары жастар арасында экологиялық және этномәднеи іс-шараларды көптеп ұйымдастыруға мүмкіндік беретіні белгілі.

Кең байтақ Қазақстанның тұмса табиғатын сақтап, көздің қарашығындай сақтау кез келген ел азаматтарының басты парызы десек артық айтқандық болмас еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған билығы Жолдауында табиғатты сақтау, экологиялық мәселелер айрықша көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтті.

Түгін тартсаң, майы шығатын киелі Жетісу жерін мекендейтін неміс ағайындар ұйымдастыратын «Таубұлақ» экокемпинг іс-шарасы өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің басын қосатын маңызды жобалардың біріне айналып отыр.

Тіпті, кей жылдар аталмыш іс-шараға алыс, жақын шетелден арнайы меймандар келіп, Алматы облысының көрікті жерлерін өз көздерімен көріп, тамсанып қайтатынын білеміз.

Айталық, осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы облысына арнайы келген бауырлас ел Татарстанның президенті Рустам Минниханов облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге «Таубұлақ» экокемпинг іс-шарасын тамашалап, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің басын қосқан айтулы іс-шараның маңызын жете түсініп, оған өзінің жоғары бағасын берген болатын.

Жастар арасында табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіруде экотуризмнің алатын орыны ерекше. Бұл ретте Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері көптеген жұмыстар атқарып, бұл бағытта жұмыстар жандандыруға айрықша мән беріп отыр.

Осы ретте Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» мен «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігі бірлесіп «Таубұлақ» экокемпингін ұдайы ұйымдастырып келеді.

Айтулы экологиялық шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы, Достық үйі қызметкерлері, Этномәдени бірлестік мүшелері, «Жаңғыру жолы» штабы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, Көксу, Қаратал, Ескелді аудандарындағы мәдени бірлестіктердің өкілдері белсені қатысып, шараның көркін қыздырғанын білеміз.

Мұндай маңызды жиынды өткізудегі негізгі мақсат – жас буын өкілдерін отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін қалыптастыру, қазақ халқының тарихына деген қызығушылықты арттыру, жастардың өмірдегі ұстанымына қолдау көрсетіп, алға қойған мақсат-жоспарларын жүзеге асыруға қолғабыс жасау.

Тағыда оқыңыз:


https://dalanews.kz/43607

Рекомендовать
Последние новости