"Сынның астында қаламын". Қайрат Нұртастың анасы неге қорқады?

Dalanews 07 мая 2017 02:50 1417

Қайраттың «Қалыңдық» киносында бар шындық ашылады. Сексен пайызы түсірілген фильмнің кезекті түсірілім алаңына Stan.kz сайты хабарлады

«Қалыңдық» – көпті күттірген, көптің көкейіндегі сұрақтың жауабы ретінде түсіріліп жатқан кино. Феноменнің анасы фильм осы жылдың қыркүйегінде көрерменге жол тартады дейді.
– Кино қыздардың тағдыры, намысы десем болады. Толық айта алмаймын. Біз осы кино үшін түнгі сағат үшке дейін жұмыс істейміз. Таңның атқанын күтеміз кейде. Қазір қоғамда тастанды сәби көп. Алдайтындар көп. Сол үшінде қыздардың намысы жоқ емес екенін көрсету үшін жігіттер ойланса деген ниетпен түсіріп жатырмыз, – дейді продюсер-ана.

Бірақ Гүлзира Айдарбекова осы кинодан соң көп сын астында қалатынын жасырмайды. Өйткені, кино өмір шындығы желісінде түсірілген.

«Бұл кино өте жақсы шығады. Мен оған сенемін. Бірақ сынақ көп болады. Мен соған дайын болуым керек. Өйткені, көптеген әңгімелер айтылуы мүмкін. Өмірге байланысты», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Екі ай дамылсыз, күндіз түні түсірілген фильмде Қайрат Нұртас басты рөлді сомдайды. Әнші актер болу оңай емес дейді. Түндегі түсірілімінде Қайрат сүйіктісін құтқару үшін қарақшылармен арпалысқанын айтады.
– Мен келіп өзімнің қызымды іздеп жүрмін. Менің қызымды ұрлап кетеді, соны іздеп келетін сәт. Сол сүйіктімді құтқарамын. Енді киноның барлығын айтып берсем қызық болмай қалады. Бірақ, өзім осы киноны қатты күтудемін, – дейді Қайрат Нұртас.

– Қыркүйек айында шығады. Демеуші өзім. Ешкімге тәуелді болмай, екі аяғым екі қолым бар. Шүкір. Аллаға шүкір жап жаспыз. Жұмыс істеп жатырмыз. Халықтың тілегі халықтың берекесімен тауып жатырмыз әйтеуір, – дейді Нұртастың Қайраты.

Рекомендовать
Последние новости