СІМ шетелдегі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

Dalanews 12 сент. 2023 11:25 779

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өкілдері шетелдегі қазақстандықтарға үн қатты. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда баласымен қаза тапқан қазақстандық әйелдің оқиғасына қатысты істің мән-жайын жай-жапсарын айтып, қазақстандықтардың қауіпсіздігі өз қолында екенін айтты.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Біздің консул жергілікті құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ, жәбірленушілердің адвокаттарымен байланыста. Қазір Түркияда немесе басқа елдерде демалып жатқан азаматтарымызға кез келген экскурсияға бармас бұрын, оның қауіпсіз екеніне көз жеткізіп, сол елдің ережелерін сақтау керегін айтқым келеді. Қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда», – деді Айбек Смадияров.

Рекомендовать
Последние новости