Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақмола облысы әкімдігі мәліметінше, барлығы 26 адам зардап шеккен, соның ішінде 7 адам қаза тапқан (оның бірі - 16 жастағы қыз). 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген.
"Денсаулық сақтау басқармасы қосымша медициналық бригадаларды жедел түрде жасақтады. Барлық ресурс жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмектер, санитария авиациясы оқиға орнына бағытталды. Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккен бес адам ТЖМ реанимобилімен Көкшетау қаласына жеткізілген.
