ШҚО мемкіріс өкілі: «Жеке азаматтардың мобильді төлемдеріне салық салынбайды»

Dalanews 06 дек. 2021 03:11 762

ҚР Парламенті Салық заңнамасындағы мобильді төлемдерге қатысты өзгерістер енгізіп, ол келесі жылдан бастап күшіне енетіні белгілі. Дәл осы мәселені көпшілік қауым әлеуметтік желіде кеңінен талқылауда. Онда кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың мобильді төлемдерден бас тартып, нақты ақшалай төлемге ауысуы керектігі жайында хабар тарап жатыр. Осы мәселеге қатысты ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі мобильді төлемдерге қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жергілікті жердегі журналистер қауымымен кездескен ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ботагөз Ілдебаева бұл заң 2022 жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылатынын алға тартты.

Жаңа заңда «мобильді төлем» ұғымның кеңінен түсінік беріліп, оған қолма-қол ақшасыз электронды формада төлем жүйесі болмаса соған ұқсас арнайы құрылғылар – мобильді қосымша, штрихкод арқылы төлем жүргізетін шағын кәсіпкерлер мен кәсіппен айналысаушылардың іс-әрекеттеріне кеңінен түсінік берілген болатын. Сонымен қатар заңды тұлғалардың да мобильді төлемді қалай жүзеге асыруы айқындалғанын атап өтуіміз керек.

Өз кезегінде ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі мобильді төлемдерге қатысты Салық заңнамасына енігізілген өзгерістерді салық салу ісімен шатастырмау керектігін  алға тартты.

– Қазіргі таңда сатып алушы қандайда тауар мен қызметке ақы төлегенде кәсіпкерге моблильді қосымшасы арқылы QR-кодты пайдаланып ақы төлейтіні белгілі. Осылайша жеке тұлға өзіне қатысты мәселелерін мобильді аударымдармен жүзеге асырып келді. Заң шығарушы орган өкілдері енгізген өзгеріске сәйкес, жекелеген азаматтар бұрынғыдай мобильді төлемдерді жүзеге асыра береді. Бұл заң талаптарына құрметпен қарайтын кәсіпкерлердің кассалық тәртіпті сақтауы үшін енгізілген, – деп атап өтті Ботагөз Ілдебаева.


Осылайша спикер заңнамаға енігізілген өзгеріс салықтық мониторингтің тиімділігін арттырып, Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақтауға және салықтан жалтарушылардың жол кесетінін алға тартты.

Бұдан жеке адамдардың мобильді төлемдерінен салық ұсталынбайтынын және салық органдарына ешқандай мәлімет берілмейтінін де атап өтті.

– Салық заңнамасына енігізілген өзгерістер мобильді төлемді жеке азаматтар әлде жеке кәсіпкерлердің жүзеге асырғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мәселе бұған дейінде елімізде бизнес және банк өкілдерімен талқыланған болатын. Осы ретте ел азаматтары салық органдарына келіп түсетін төлем туралы жеке мәліметтері үшін алаңдауына ешқандай негіз жоқ. Өйткені салық органдарына тек қана жеке кәсіпкерлердің төлемдеріне қатысты мәліметтер келіп түседі, – деді Ботагөз Ілдебаева.

Осы ретте департамент өкілі бұл мәселеге шағын кәсіпкерлердің алаңдауына негіз екенін де айтты. Өйткені елімізде жеке кәсіпкерлер үшін бірнеше жеңілдетілген салықтық режим жұмыс істейтіні белгілі. Айталық, жеке көліктерімен такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін азаматтары арнайы патенттік режимді пайдалануына болады. Бұл режим бойынша жекі кәсіпкердің жылдық табысы 10,3 млн теңгеден асып кетпеуі тиіс.

Рекомендовать
Последние новости