ШҚО-да терроризмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды

Dalanews 21 авг. 2024 06:47 1640

Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты ҰҚК материалдарының негізінде жергілікті тұрғынға "терроризмді насихаттады" деген айыппен үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

-Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды. Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.


Рекомендовать
Последние новости