ШҚО-да жасөспірімдер арасындағы V Азия параойындарының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Ақтоты Жапатова 19 дек. 2025 11:34

Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік күніне орай спортшылардың жетістіктері атап өтілді. Олардың халықаралық аренадағы жеңістері темірдей тәртіп пен күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Ал өңір үшін бұл – зор мақтаныш, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Біз Жасөспірімдер арасындағы V Азия параойындарында (Дубай қаласы) табысты өнер көрсеткен шығысқазақстандық спортшыларымызды ерекше мақтан тұтамыз. Бүгін сол чемпиондар облыс әкімдігінде салтанатты түрде марапатталды.

«Бұл жарыстарға әлемнің 50 елінен 1300-ден астам спортшы қатысты. Біздің спортшылар жоғары шеберлігін ғана емес, ең бастысы мықты мінезін, табандылығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Ұлттық құрама қоржынына 68 медаль түсті: 25 алтын, 23 күміс және 20 қола», – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына Алғыс хаттар мен 300 000 және 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттар табысталды. Аймақ басшысы оларға зор денсаулық пен жаңа жылда жаңа жетістіктерге жетулерін тіледі.

Чемпиондарымызды атап өтсек: Виктор Волков (паражүзу), Ольга Романькова (параармрестлинг), Матвей Пахомов (паражүзу), Кирилл Ресслер (паражүзу). Жаттықтырушылары: Оксана Макарова, Евгений Сизинцев, Сергей Соколов.

Бүгінде ШҚО-да 1628 спорт нысаны жұмыс істейді (оның 563-і қалаларда, 1065-і ауылдарда орналасқан). Бұл бұқаралық және инклюзивті спортты жүйелі дамытуға, спортшыларды даярлауға және түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.


Рекомендовать
Последние новости