ШҚО-да ірі кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Dalanews 11 янв. 2022 02:52 995

Қазақстанда орын алған тәртіпсіздікке қарамастан, Шығыс Қазақстанның ірі кәсіпорындары штаттық режимде өз жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Казцинк» ЖШС-нің атқарушы директоры Андрей Лазеревтың айтуына қарағанда, өндіріс орны орын алған жаппай тәртіпсіздікке қарамастан өз жұмысын бір минут та тоқтатқан емес.

– Барлық нысандар жұмыс атқарып тұр. Қызметкерлерді қоғамдық көліктермен тасымалданып жатыр. Олар өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнгі ауысымдағы қызметкерлерді біздің қызметтік көліктермен тасымалдап жатырмыз, – деп атап өтті Андрей Лазерев.

Сонымен қатар, Андрей Лазеревтың сөзіне қарағанда, компания басшылығы жедел түрде қызметкерлерге жалақы төлеген.

– Бізде барлығы сағат тілі сияқты жұмыс жасайды. Қызметкерлерге жедел түрде жалақы төлеуге көмек көрсеткендері үшін аймақ басшысын және Ұлттық банкке алғыс айтамыз, – деді «Казцинк» ЖШС атқарушы директоры.


Төтенше жағдай кезінде және контротерорлық іс-шаралар орын алған кезде «УК ТМК» АҚ штаттық режимде өз жұмысын атқаруда. «УК ТМК» АҚ президенті Әсем Мамытованың сөзінше, барлық өндірістік жоспарлар жүзеге асырылып жатқандығы және өнімдерді шығару кестеге сәйкес іске асырылып жатқандығын айтты.  Аймақ басшысының қолдауының арқасында кәсіпорында қызметкерлердің жалақыларын жедел түрде төлеп берген.

–  Бірінші кезекте мен қаза тапқан барлық әскери қызметкерлердің және азаматтық тұлғалардың  отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Сонымен қатар, Қазақстан халқына біздің ҚР Конституциясына, заңдарына адалдық танытқанымыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Еңбек ұжымының атынан қарулы күштер қызметкерлеріне олардың кәсібилік және қызметтік міндеттеріне танытқан адалдықтары үшін алғыс айтамын. Олар біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды, – деп атап өтті Әсем Мамытова.

Рекомендовать
Последние новости