Шығыста 2020 жылы жолды жөндеуге 40,7 млрд теңге жұмсалды

Dalanews 21 янв. 2021 07:00 959

2020 жылы Шығыс Қазақстан облысы мен аудандық маңызы бар жолдарды, көше-жол желілерін жөндеуге барлық көздерден 40,7 млрд теңге бөлінді.

Бұл туралы «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен тікелей эфирде «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.

Оның айтуынша, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға – 11,8 млрд теңге, оның ішінде 50/50 паритеттік қаржыландыру шеңберінде 7,3 млрд теңге және күтіп ұстауға – 4,5 млрд теңге (облыстық маңызы бар жолдар – 4 млрд теңге, аудандық маңызы бар жолдар – 0,5 млрд. теңге), көше-жол желісін жөндеуге және күтіп ұстауға – 11,1 млрд теңге, «Ауыл ел бесігі» арнайы бағдарламасы шеңберінде көшелерді жөндеуге – 1,7 млрд теңге, жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жолдар мен көшелерді жөндеуге – 16,1 млрд.теңге бөлінген.

«50/50 паритеттік қаржыландыру аясында жалпы пайдаланудағы 283 шақырым жол, оның ішінде 160 шақырым – облыстық маңызы бар, 123 шақырым – аудандық маңызы бар жолдар орташа жөндеумен қамтылды. Көшелерді жөндеумен 45,2 шақырым қамтылды, 11,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде – Өскемен қаласы Есенберлин даңғылы бойынша 4,6 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу – 4,7 млрд теңге, 3,4 млрд теңгеге 7,6 шақырым көшелерді қайта жаңартылыпты.

– Өскемен және Семей қалаларында, Аягөз, Зайсан, Шемонаиха аудандарында 3 млрд теңгеге 33 шақырым көшелерді орташа жөндеу. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Аягөз, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Күршім, Катон-Қарағай, Тарбағатай және Үржар аудандарының елді мекендерінде 1,7 млрд теңгеге (РБ-1,5 млрд теңге, ЖБ – 169 млн. теңге) 90 шақырым көше-жол желісі жөнделді. Жұмыспен қамту жол картасы аясында жалпы сомасы 16,1 млрд теңгеге 247 шақырым жол мен көше жөндеумен қамтылды, оның ішінде: жол-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 85%-ға дейін жеткізілді, – деп атап өтті Нұржан Жұмаділов.


Жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахыт мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жобалардың барлығы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы аясында қоғамдық бақылауда болатынын атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости