Шығыс Қазақстанда 5 автожол жобасы жүзеге асады

Dalanews 13 февр. 2018 08:30 1064

Инфрақұрылымдық дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында «Орталық Шығыс» дәлізін қайта құру жоспарланған. Оның аясында 5 автожол жобасы жүзеге асады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, Елбасы Жолдауында жарияланған жобалар Ресейдің Сібір аймағынан  Қазақстан арқылы Қытайдың ШҰАР провинциясына қысқа жол ашуға мүмкіндік береді.

«Орталық – Шығыс» дәлізін қайта құру жалпы ұзындығы 161 шақырым құрайтын «Омбы – Майқапшағай», «Таскескен – Бақты», «Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» бағытындағы автожолдарын жөндеуге мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы шетелдік инвестиция есебінен республикалық маңыздағы «Өскемен – Алматы» және «Қалбатау – Майқапшағай» автокөлік жолдарын қайта жаңартуды бастау жоспарлануда. Оның нәтижесінде, жолдар деңгейі ІІ-техникалық санатқа ауыстырылады. Облыс әкімі аймақтағы осы жобаларды іске асыру Елбасы Жолдауының төртінші бағыты аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.

– Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу Ресейдің Сібір облысынан Қазақстан арқылы Қытайдың ШҰАР деген провинциясына қысқа жол ашуға мүмкіндік береді. Осылайша, біздің аймақта Президентіміздің барлық тапсырмалары нақты жүзеге асырылатынын зор сеніммен айта аламыз, – деді Даниал Ахметов. – Облыс үшін аса маңызды жобалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына бақылауды бұйырамын. Автокөлік жолдарының 70-85% үлесінің жағдайын жақсартуды тапсырамын.

2018 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 138 шақырым аумағын орташа жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Ауыл» және «Уба» бақылау-өткізу пункттерінде қосымша жолақтардың құрылысы жоспарланған. Бұл осы нүктелердің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы алдағы таңда республикалық маңызы бар 3,414 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Айта кетейік, ШҚО Республикадағы жалпы қолданыстағы жолдардың ең үлкен бөлігі, яғни  11 494.5 шақырымы басып өтеді.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/33926

Рекомендовать
Последние новости