Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Қаракөз Амантай 23 июл. 2025 16:16

2025 жылы 23 шілдеде Астана уақытымен 15:37-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы "Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым жерде орналасқан. Зілзаланың күші бірнеше елді мекенде 2–4 балл аралығында сезілген.

Жер сілкінісі сезілген өңірлер:

  • Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы – 4 балл

  • ШҚО, Самар ауданы, Самарское ауылы – 4 балл

  • Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы – 4 балл

  • ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті – 4 балл

  • ШҚО, Өскемен қаласы – 4 балл

  • ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті – 3 балл

  • ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы – 3 балл

  • ШҚО, Алтай ауданы, Алтай (Зыряновск) қаласы – 3 балл

  • ШҚО, Риддер (Лениногорск) қаласы – 3 балл

  • ШҚО, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы – 3 балл

  • ШҚО, Шемонайха қаласы – 3 балл

  • Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы – 3 балл

  • Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы – 2 балл

  • ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы – 2 балл

  • Абай облысы, Аягөз қаласы – 2 балл

  • Абай облысы, Семей қаласы – 2 балл

  • ШҚО, Катонқарағай ауылы – 2 балл

  • Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы – 2 балл

  • ШҚО, Күршім ауданы, Буран ауылы – 2 балл

  • Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы – 2 балл

  • ШҚО, Күршім ауданы, Марқакөл ауылы – 2 балл

  • Абай облысы, Жаңа-Семей ауданы, Жоламан кенті – 2 балл

  • ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы – 2 балл

  • Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы – 2 балл

Төтенше жағдайлар министрлігі "жапа шеккендер мен қирау туралы мәлімет тіркелген жоқ" деп мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости