Шығыс Қазақстан облысы қаламгерлері Президенттің бастамасын қолдады

Dalanews 27 апр. 2023 14:47 932

Шығыс Қазақстан облысының әдеби қауым өкелдері ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бірлік, өзара түсіністік пен этностық құндылықтарды насихаттайтын жазушылар, сценаристер, журналистер, киногерлер және басқа да мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын қолдау туралы бастамасын зор ықыласпен қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев этникалық театрлар мен олардың шын мәніндегі фольклорлық ұжымдарының жұмысына ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

– Бұл театрлардың гастрольдік сапарларын еліміздің барлық аймақтарында, еліміздің үздік сахналарында, сондай-ақ шетелде ұйымдастыру қажет. Қазақстанның этномәдени әртүрлілігі көркем фильмдерде, телехикаяларда, театр қойылымдарында көрініс табуы керек. Қазақстандағы түрлі этностардың тілдерінде шығатын БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударатын кез келді. Олар бірлік пен өзара түсіністік құндылықтарын жан-жақты насихаттайды, – деді Мемлекет басшысы.

Ақын-драматург, ШҚО ҚХА мүшесі Әскерхан Ақтайдың пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлін күшейтіп, қазақ халқының мәдени мұрасын дамытып, насихаттауға баса мән беру керек.

– Маған шығармашылық адам айстам Президенттің ойлары маған ұнады. Сессия барысында авторлар үшін де жағымды жаңалық айтылды. Президент  еліміздегі ұлтаралық келісімнің нығаюына нақты істерімен үлес қосып жүрген азаматтарды жан-жақты ынталандыруды тапсырып, ҚХА-ның екі сыйлығын, оның бірі әдебиет пен журналистика саласындағы үздік еңбегі үшін тағайындауды ұсынды. Екіншісі – мәдениет және өнер саласындағы үздік жұмыстар үшін берілмек, – деді Әскерхан Ақтай.

Осылайша шығысқазақстандық мәдениет қайраткері азаматтардың еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде мойындау ұлттық бірлікті нығайта түсетінін алға тартты.

 

Рекомендовать
Последние новости