Шетелдегі лаңкестік соғыстарға қатысуға үгіттеген қазақстандық сотталды

Сағыныш Сардарова 04 янв. 2025 11:34 1180

Бұрын терроризмді насихаттағаны және басқа да қылмыстары үшін қамауға алынған екі ҚР азаматына қатысты сот процестері аяқталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Солардың бірі – Тараз тұрғыны, айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлаған.

Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін (ҚК-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы біреуі – Алматы тұрғыны, жалпы қылмыстар үшін бірнеше рет соттылы болған, ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттаған.  

Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, 2024 жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған. 


Рекомендовать
Последние новости