Шерзаттың өлімі неге топпен жасалған кісі өлтіру деп танылмады? Судья түсіндірді

Сағыныш Сардарова 05 июн. 2025 17:19

Судья Ержан Жанұзақов Шерзат Болат ісі бойынша үкімнің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Судья жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, оқиға орнынан алынған бейнежазбалар, заттай дәлелдер, қажетті сараптамалар сарапқа салынғанын айтты.

"Шынасылдың нақты Шерзат Болаттың өліміне әкеп соққан пышақ жарақатын келтіргені медициналық-криминалистік сараптама қорытындысымен бекітілген. Сараптама Шынасылдан алынған пышақпен (пышақ жүзінің сипаттамасымен) жарақат келтірілгенін көрсетті. Пышақ Шынасыл көрсеткен жерден алынған. Тергеу кезінде Шынасыл кінәсін мойындап айғақ берген", - деді ол.

Сондай-ақ, Жанұзақов прокурорларға төрт куәгерге назар аударуға қаулы шығарды: Дана Жақсыгелді, Эльмира Нұрбекова, сондай-ақ, Қазакенов пен Рузбакеев.

Алғашқы екі адамға қатысты жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев оларды жауапқа тарту жөнінде өтініш берген еді.


Рекомендовать
Последние новости