Шерзат Болаттың ісі бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Көркем Алдабергенова 31 мар. 2025 17:07 623

Шерзат Болаттың ісі бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Адвокаты Мейірман Шекеевтің сөзінше, сот отырысы 10 сәуірде Талдықорған қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Себебі, қазір күдіктілердің көпшілігі осы қаладағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске салайық, бұған дейін Талғардағы жанжал кезінде көз жұмған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов баласының өліміне қатысы бар деген күдіктілерге қатысты қосымша арыз дайындап жатқанын хабарлаған едік. Бұл туралы жәбірленуші тараптың жаңадан қосылған адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді. 

– Іс материалдарымен таныса келе, біз бұл қылмыстық іс аясында азаматтық талаптың берілмегенін анықтадық. Қазір сол талапты әзірлеп жатырмыз. Бұл әрекет Қаржаубай мырзаға қаржылай өтемақы алу үшін емес, қамауда отырған күдіктілерге үкім шыққан соң олардың мерзімінен бұрын босап кетуіне жол бермеу мақсатында жасалып отыр, – деді Шекеев.

“Оқиға орнында болған екі қыз қайда?”

Адвокат қоғамда қызу талқыланған бір сұраққа да жауап берді.

– Халықты алаңдатып отырған маңызды сұрақтардың бірі – оқиға орнында болған екі қыздың тағдыры. Олар әлеуметтік желілерде күдікті ретінде көрсетілгенімен, іс материалдарына сәйкес, тек куәгер ретінде жауап берді, – деді қорғаушы.

Мейірман Шекеевтің айтуынша, бұл қылмыстық іс бойынша 9 адам күдікті ретінде танылған. Соның ішінде біреуі – кәмелет жасына толмаған. Оған Қылмыстық кодекстің 434-бабы — қылмыс туралы хабарламау бойынша айып тағылған. Ал жәбірленушілер саны – алты. Олардың екеуі – Шерзат пен Нұрқанат.


Рекомендовать
Последние новости