Шенеунік тасқынға қарсы шараларға бөлінген жарты миллиардқа жуық қаржыны жымқырған

Қаракөз Амантай 27 нояб. 2024 10:40 431

Ақмола облысында 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ақпаратқа сәйес, аталған қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйді салуғабөлінген.

"Күдіктілердің әрекеті аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу (ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлігі) бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – делінген прокуратура хабарламасында.

Екі күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға, ал үшінші адам үйқамаққа алынды.

"Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік – Алматы, Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылар және банктық шоттарда 50 млн теңгеден астам қаражат табылды. Бұғатталған мүліктің бағаланған құндылығы 335 млн теңгеден асты. Аталған мүліктің бір бөлігі жалға беріліп, қылмыстық пайда түсірілгені анықталды", – делінген хабарламада.

Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни ҚР ҚК 218 бабы 3 бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. 


Рекомендовать
Последние новости