Сенат төрағасы: «Үйді құнын аразандатып, сапасын төмендетіп тастаған!»

Dalanews 17 июн. 2021 10:16 863

Бүгін ҚР Параламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан қолжетімді баспана құрылысында бірқатар кемшіліктер барекенін ашып айтты. Ол мұндай маңызы жоғары бағдарламаны жүзеге асыру барысын бақылау ісі кемшін екенін алға тартты.

Сенат отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қараған депутаттар осы мәселеге назар аударды.

Бағдарламаны іске асыру кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған жалдамалы баспана құрылысы көзделген көрсеткіштің 50 пайызына да жетпегені белгілі.

Республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспана салу жұмысында да жағдай осындай.

Сенат Төрағасы бұл өте өзекті мәселе екенін айтып, мұндай кемшіліктердің негізгі себептерін атап өтті.

– Бұл біріншіден, жоспардың дұрыс жасалмағанын көрсетеді. Яғни, алдын ала сараптамалар тиісті деңгейде жүргізілмеген. Екіншіден, мониторингтің әлсіз болғанын білдіреді. Мұндай әлеуметтік маңызы бар істе бақылау тұрақты әрі кешенді түрде жүргізілуі керек. Үшіншіден, сапа мәселесі. Үйдің бағасын арзандатамыз деп сапа жағын төмендетіп алдық. Осыған орай халық тарапынан да наразылықтар туып жатады. Мұндай мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу керек. Бұл ретте депутаттар заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсетуге дайын, – деді Мәулен Әшімбаев.

Рекомендовать
Последние новости