Семейдегі әуежайға Абайдың есімі берілді

Dalanews 31 янв. 2020 11:07 1080

Семей қаласындағы әуежайға Абай аты беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Республикалық ономастикалық комиссия қоғам белсенділерінің Семей қаласындағы әуежайға ұлы Абайдың есімін беру туралы бастамасын қолдады.



«Былтырғы жылы қалалық әуежайды Абай атымен атау туралы ұсыныс түскен болатын. Бұл ұсынысты ономастикалық комиссия мақұлдаған соң күзде республикаға жіберілген еді.

Мінекей, ұсыныс сол жақтан да қолдау тапты. Алдағы уақытта ресми жарлық шығып Семейдегі әуежайға Абай атауы беріледі», - дейді Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анаргүл Бүркітбаева.

Семейдегі әуежайдың атын ауыстыру мәселесі бұдан бұрын Ақордада экс-Мемхатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөз болған.

Марат Тәжин Мемкомиссияға Мемлекет басшысына үш бастамамен шығуды ұсынған:

Семей қаласындағы әуежайға Абай есімін беру;

Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп өзгерту;

Қазақстанның елшіліктерінің базасында «Абай орталықтарын» құру.

Ал Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі  Даниал Ахметов 2020-2025 жылға арналған Семейді дамыту жоспары қабылданғанын айтқан.

Осы жоспардың негізінде Семейде 4 мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылып, 133 көпқабатты үй пайдалануға беріледі", – деген еді өңір басшысы.


Рекомендовать
Последние новости