Семейде короновирустың алдын алу талаптары сақталмаған

Dalanews 27 апр. 2021 03:28 967

Семейде індетке қарсы күресті реттеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы, сонымен қатар адамдардың қауіпті індеттен көз жұму себептерін анықтаумен айналысқан комиссия жұмысының қорытындысын баяндады, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пандемия басталғаннан бері аймақта коронавирус ауруының 24,5 мың жағдайы тіркелді. Оның ішінде 17 мыңы клиникалық көріністермен, ал 7,5 мыңы вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары.

Ермек Омарбековтың айтуынша, бүгінгі таңда 3 544 инфекциялық төсек іске қосылған. Оның ішінде 319-реанимациялық және 490-карантиндік. Стационарларда 350 науқас ем алуда. Үшеуінің жағдайы өте ауыр. Қазір ондағы пациенттердің 28-інің жағдайы ауыр болса, 319-ы орташа ауыр жағдайда. Бұл ретте төрт пациент ӨЖЖ аппараттарына және 23-өкпені инвазивті емес желдетуге қосылған.

Баспасөз конференциясы барысында Ермек Сембайұлы індеттен сауыққандар мен көз жұмғандардың статистикасын айтты. Инфекциялық стационардан 12 220 пациент жазылып шықса, 7 121 адам амбулаториялық ем алды.

Жыл басынан бері аймақта коронавирустан 25 адам қайтыс болды. Оның 22 фактісі Семей қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханаларының бірінде тіркелді. Сондықтан облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша, 23-25 сәуір аралығында науқастардың көз жұмуына байланысты арнайы жұмыс тобы Семейге аттанған болатын. Нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасының жұмысындағы кемшіліктер анықталды. Белгілі болғандай ауру тарихында ҚР ДСМ Сovid-19 емдеудің қолданыстағы хаттамасының толық сақталмауы байқалады. Бұдан басқа, қатар жүретін аурулары бар адамдардың денсаулық паспорттарындағы деректерді ескере отырып, емдеу мен диагноздар түзетілмеген.

Гормондық терапияны тағайындау кезінде аурудың басталуы, зертханалық зерттеулер мен ЭКГ нәтижелері ескерілмеді. Ауруханаға жатқызу кезінде алғашқы тәулікте науқастарды КТ өткізбеген. Сонымен қатар, деректер мұқият тексерілмей, емдеу компьютерлік зерттеулердің нәтижелерін ескерусіз тағайындалған. Антибиотиктердің, диуретиктердің бірнеше тобын негізсіз тағайындау анықталды.

Сонымен қатар, Семейде КТ-аппараттары істен шықты. 20 наурыздан бастап алты құрылғының тек 2 аппараты жұмыс істейді.

Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, жағдайдың шиеленіскен кезеңінде КТ жұмыс істеп тұрған аппараттардың тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылмаған. Медициналық сапа және бақылау департаменті тарапынан да ешқандай реакция болған жоқ. Сондықтан Семей қаласы әкімінің орынбасарына, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей бойынша орынбасарына, сондай-ақ, жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланады.

Бүгіннен бастап Семейге облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан бастаған жұмыс тобы барып, қала жасыл аймаққа шыққанға дейін сол жерде жұмыс істейді. ШҚО әкімі жұмыс тобына әрбір өлім жағдайы бойынша тағы да егжей-тегжейлі тергеу жүргізуді, істен шыққан КТ-ны пайдалануға беру бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, Ермек Омарбеков ертеңнен бастап тәулік бойы үш КТ-аппарат жұмыс істейтінін хабарлады. 15 мамырға дейін істен шыққан аппараттарға жөндеу жүргізу жоспарлануда.

– Бүгінгі күні облыстағы, атап айтқанда Семейдегі эпидемиологиялық жағдай бізге қазіргі кездегі науқастар легін еңсеруге мүмкіндік береді. КТ үш аппаратында covid-19 анықтау бойынша тәулік бойы жұмыс істейді. 15 мамырға қарай барлық алты КТ - аппарат штаттық режимде жұмыс істейтін болады, – деді Ермек Омарбеков.

Рекомендовать
Последние новости