Семейде «Еңбек жолы» байқауының үздіктері анықталды

Dalanews 24 сент. 2023 07:00 1121

Бүгін Абай облысында Еңбек күнін мерекелеу аясында «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары салтанатты жағдайда марапатталды. Байқау жыл сайын облыстық және республикалық деңгейде үш номинация бойынша ұйымдастырылып тұрады. Осы жолы да «Үздік еңбек әулеті», «Еңбекші жастардың үздік тәлімгері», «Үздік жас өндіріс қызметкері» деген аталымдар бойынша үздіктер анықталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы шараға қатысушыларды Абай облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев ақ тілегін арнап, жиналған қауымды Еңбек күнімен құттықтады.

Байқаудың облыстық кезеңін қорытындылау барсында Абай облысында «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша жалпы еңбек өтілдері 592 жылды құрайтын теміржолшылар әулетінің өкілі Еңсебаевтар үздік деп танылды.

Ал «Еңбекші жастардың үздік тәлімгері» аталымы бойынша Жарма аудандық ауруханасында 39 жыл еңбек етіп келе жатқан Сара Сүлейменова жеңімпаз атанса, «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясына Әйгерім Ағатанова ие болды.


Әйгерім ханым осы номинация бойынша республикалық кезеңнің жеңімпазы атанғанын айта кетуіміз керек. Ол «Восток бройлер» ЖШС-де бас мал дәрігері болып жұмыс істейді.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтары, зауыттар мен түрлі кәсіпорындардың өкілдері де алғыс хатқа ие болды.

Еңбек озаттарын марапаттау рәсімінен кейін Семей қаласындағы Орталық Арбатта бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «Еңбек адамы» көрмесі өтті.  Көрмеде мемлекеттік грант иегерлері азаматтарды өз кәсіптерімен таныстырып, қалай жұмыс жасау керектігі жайындағы іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

Бұдан кейін мерекелік іс-шара Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Рекомендовать
Последние новости