"Семей орманы" аумағы тағы да өртеніп жатыр

Қаракөз Амантай 26 апр. 2024 15:04 3227

Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватының аумағы тағы да өртеніп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алдын ала ақпарат. Абай облысы. 26 сәуір 13.21-де ақпарат келіп түсті: Бородулиха ауданы, "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы, Бородулиха ауылынан 15 шақырым жерде (Дмитриевское орманшылығы, 148-орам) орман өсімдіктері (қарағай) өртеніп жатыр. Адам аяғы жетуі қиын сулы-батпақты жерлер", – делінген жұма күнгі хабарламада.

Комитет хабарлағандай, "Семей Орманы" резерваты өрт сөндіріп жатыр.

"Оқиға орнына орман шаруашылығының 11 қызметкері мен жеті техника, төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының алты адамы мен екі техника жіберілді", – делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости