Сайрамда республикалық ретро айтыс өтті

Dalanews 07 дек. 2021 11:29 1163

Сайрам ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мәңгілік ел жырлайды» тақырыбында республикалық ақындар айтысы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Дүбірлі додаға Бөрібай Оразымбет, Серік Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова, Анар Жаппарқұлова, Кәрима Оралова, Айбек Қалиев сынды шайырлар қатысты.

Айтыста ақын Ханбибі Есенқарақызы, жазушы Мархабат Байғұт, ақын Нармахан Бегалиев, драматург Сая Қасымбек, ақын Сәбит Әбдірайымов сынды азаматтар қазылық етті. Жыр додасының жүргізушісі белгілі сықақшы Көпен Әмірбек.

Ретро айтыста 4 жұп өнер көрсетіп, сайыс нәтижесінде бас жүлдені түркістандық Бекарыс Шойбеков иеленді. Ал, бірінші орын Серік Қалиевке бұйырса, екінші орынды Анар Жаппарқұлова, ал үшінші орынды Айбек Қалиев еншіледі. Бақ сынаған өзге айтыскерлерге арнайы жүлделер табысталды.

Қазылар алқасының төрағасы, жазушы Мархабат Байғұт ұйымдастырушылар мен айтыскерлерге алғыс білдірді.

Рекомендовать
Последние новости