Сәуле Омарова АҚШ валюта басқармасына жетекшілік етуден бас тартты

Dalanews 08 дек. 2021 06:21 945

Сәуле Омарованың қызметтен бас тартуының себебі қандай?

Қазақстанның тумасы Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігінде қаржылық бақылау басқармасының басшысы лауазымы қызметінен бас тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Омарованың кандидатурасын осы лауазымға ұсынған болатын. Алайда қазақ қызының кандидатурасын мақұлдау кезінде қарсылыққа тап болды, ол жеткілікті дауыс жинай алмады.

РИА Новости мәліметінше, Cенаттағы тыңдауларда республикалық сенатор Джон Кеннеди Омарованың коммунистік жүйенің мүшесі болғанын бетіне басты. Өз кезегінде Сәуле Омарова оның отбасы коммунизмнен зардап шеккенін алға тартты.

АҚШ президенті Джо Байден:

"Мен Сәуле Омарованың валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым".

Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. ММУ, Висконсин университеті және Солтүстік-Батыс университетін бітірген. Корнелл университетінің банктік құқық бойынша профессоры.

Рекомендовать
Последние новости