Сайрамда Nur Otan белсенділері тауарлы-сүт фермасы мен мал бордақылау алаңдарын салуға ықпал етеді

Dalanews 26 дек. 2020 17:18 820

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Сайрам аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Л.Малабаева, Н.Ирсалиев, С.Сапарбаев, Э.Кожахметова, С.Рамазанова, Ш,Анарметов, Ғ.Раймқұлов, Б.Жамалбеков, Қ.Қуатбеков Қарамұрт ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Қарамұрт ауылдық клубында өткен басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті.

Нақтырақ айтсақ, ауыл шаруашылығы бойынша жайылым жерлерді заң аясында халыққа тиімді етіп шешуге, 2025 жылға дейін Қарамұрт, Манкент, Арыс ауылдық округтерінде 4 бірлік тауарлы-сүт фермаларын ашуға, 100 бастан жоғары 10 бірлік мал бордақылау алаңын салуға ықпал ету көзделуде.


– «Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сапасын жақсартуды жақтайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» сынды жобалар іске асыру жалғасады. Тұрғындар таза суға және сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізеді. Мәселен, 2025 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 75,8 пайызға, елді мекендердегі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 90,7 пайызға жеткізуге ықпал етпек, – деді олар.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайрам ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости