Сайрамда жыл басынан бер 7 инвестициялық жоба іске қосылды

Dalanews 28 нояб. 2018 06:06 937

Таяуда Түркістан қаласында журналистердің басын қосып, брифинг өткізген Сайрам ауданы әкімі Бақтияр Мамаев аймақта өнеркәсіп саласы жан-жақты дамып жатқанын кеңінен әңгімелеп берді.

Сайрам ауданының экономикалық дамуын анықтайтын өнеркәсіп саласында 10 айында 33,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, даму концепциясына сәйкес жыл соңына дейін 38,7 млрд. теңге өнім өндірілу күтілуде.

Облыс деңгейіндегі өнеркәсіп өнімі өндірісі бойынша ауданның үлесі 9,8% құрап, 2 орынға табан тірегенін айта кетуіміз керек. Даму концепциясына сәйкес аудан өнеркәсібі негізінен  екі  бағытта  дамуда.

Бірінші бағытта өңдеу өнеркәсібін дамыту басшылыққа алынған болатын. Бұл ретте аудан өнеркәсібінің 89,3 пайызын өңдеу өнеркәсібі құраған. Жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс істеп тұрған қуаттарын кеңейту есебінен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 28,2 млрд. теңгеге жетті. Есепті кезеңде құны 1,4 млрд. теңгелік  7 инвестициялық жоба іске қосылып,  203 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 3 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 168 жаңа жұмыс орны және  жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейту есебінен 35 қосымша жұмыс орындары ашылған.



Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости