Сайрамда жайылым мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Dalanews 13 нояб. 2018 16:26 870

Түркістан облысында ет өндірісі бойынша көш бастап келе жатқан Сайрам ауданында қазір 220 мың ірі қара, 187 мың жылқы, 200 мыңға жуық уақ мал бар. Осыншама көлемдегі мал санын жайып бағу үшін 2 млн. гектар жайылым жер керек. Бірақ ауданда мүмкіндік жоқ.

Ауданда бар болғаны 112 765 гектар жер бар. Оның тек 89 мың гектары ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер. Соның бар-жоғы 17-18 мың гектары жайылымға арналған. Сондықтан сайрамдық шаруалар үй іргесінде  бордақылау алаңдарын құрып келеді.

Жалпы жайылым мәселесі халқы тығыз қоныстанған Түркістан облысындағы өзекті мәселелердің бірі десек болады.  Бір кездері бұл тығырықтан шығу үшін Сайрамға іргелес жатқан аудандардың бос жатқан жерлерін

жайылым жер ретінде пайдалану туралы бастама көтерілген болатын. Бүгінде кезінде қолға алынған бастама іске асып, шаруаға пайдасын тигізуде. Сайрам ауданының басшылары көршілес жатқан Түлкібас ауданымен біраз келіссөздер жүргізуді. Соның негізінде Қарабұлақ ауылының халқы қолындағы малдарымызды аталған ауданның жайылымдарына жаю мүмкіндігіне ие болды. Бірақ бұл бағыттағы жұмыстар заңды негізде реттелмеген.

Биыл Сайрам ауданы үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында аудандағы барлық жер телімдеріне түгендеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аудандағы 2300 гектар жердің пайдаланылмай жатқаны анықталды. Оларға шара қолдану үшін облыстық жер инспекциясына хат жолданған. Мұндағы мақсат төрт түлікті ойдағыдай баптау үшін жайылым жерлер табу болып табылады.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости