Сайлау-2023: Астанада сайлау учаскесін қалай анықтау болады

Dalanews 20 февр. 2023 06:17 1137

Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 19 наурыз күні өтеді. Елордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн анықтауға болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының әкімдігі өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде мынадай тәсілдермен алуға мүмкіндік береді:

  1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/

  2. Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot

  3. Smart Astana мобильді қосымшасы.

  4. IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.


Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, сол сияқты аталған учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болып саналады. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электронды үкімет» порталының «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу арқылы конституциялық құқығыңызды іске асырыңыз.

Рекомендовать
Последние новости