Сәуле Әбединова: «Қыдырәлінің бірінші әйелі мен емес»

Dalanews 24 авг. 2016 04:58 2676

Бұдан бұрын бірқатар ақпарат құралдарында белгілі журналист, бір кезгі «Ақжүніс» бағдарламасының жүргізушісі Сәуле Әбединова продюсер Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелі болған деген әңгіме тараған еді. 

Болмановтың өзі мұны жоққа шығарған болатын. Алайда әлеуметтік желідегі сыншыл қауым продюсердің сөзіне сенбеген кейіп танытқан. Енді міне мұның арты үлкен дауға ұласпай тұра, бұл мәселеге Сәуле Әбединованың өзі нүкте қоюға тырысыпты. Аkjunis.kz сайтында жарияланған жауабында журналист былай деген екен:

 

14101572_853605164774843_1651102579_n.png– Мына сурет желі арқылы келді. Әңгіме өзім туралы болғандықтан, жауап беруім жөн деп шештім. Бұл туралы «Әйел бақытында» да сұрадыңыздар, бұл сөздің өсек екенін «публично, ресми» мәлімдеген болатынмын.

Тағы қайталап айтамын — Қыдырәлінің бірінші әйелі мен емес. Менің жар дегенде жалғыз күйеуім болған — балаларымның әкесі Рүстем Көпбаев деген жігіт.

Рая Мұхамедьярованың бір сөзі бар: «Бізді алла табыстырды, адамдар ажырастырды» деген. Мен балаларымның әкесін ессіз сүйгенімді айта аламын…

Ал ажырасқанымыз — тағдыр. (Қаласаңыздар, неке туралы және некені бұзу туралы куәлігімді де көздеріңізге шұқып тұрып көрсетуге болады!)

Ал «Сәуле Қыдырдың бірінші әйелі» деген өсекті менің күйеуіме ғашық болған Бибка деген әйел сонау 90-шы жылдары таратқан еді… Так что, бұл өсекке құлағым үйренген, етім де өліп кеткен…

Тіпті, мені Нұрлан Өнербаевпен де, Ғалым Доскенмен де, тіпті, Асанәлі Әшімовпен де қосақтаған өсектерді естігенмін, бірақ ол сөздер — ақталып, жауап беруге тұрмайтын, құлаққа ілуге, назар аударуға тұрмайтын сөздер деп есептедім. Бірақ бүгін бір «отпор» бермесем болмас деп шештім, өйткені бұл мәселе сендерге соншалықты қызық сияқты ғой…

Кім кімнің бірінші әйелі, кім кімнің екінші әйелі деп бастарыңызды қатырып, шаршап қайтесіздер? Айналысатын, қызығатын басқа тірлік жоқ па?
Мысалы, мен ішім пысса, ән тыңдаймын. Өсекке уақыттарыңызды өлтіріп, жүйкелеріңізді шаршатқанша, тым болмаса, жақсы бір фильм көріңіздер.

Мысалы, «До встречи с тобой…» деген фильм маған ұнады. Осындағы желі қолданушылардың кеңесімен жаңа ғана көріп біттім. Жақсы фильм көріп, өмірге ғашық көзбен қарап отырғанда, кір-қоқыстарыңызды лақ еткізіп төге салдыңыздар ғой…

Ал Қыдырдың «Ләйлә, Сәулелердің әңгімесіне еш қатысым жоқ» дегені дұрыс сөз болмапты, «жұрттың өсегіне еш қатысым жоқ» деуі керек еді, өйткені бұл Ләйланың, яки менің әңгімем емес, елдің өсегі. Ал «ел не демейді…»?

Өсекші сайттардың заманы болды ғой — осындай сайттар ұялмай-қызармай мемлекеттен миллиондарды алып отыр-ау… Анау өсекші сайт былай депті: «Осыдан кейін продюсер өзі атын атап, түсін түстеген екі желі қолданушысын өшіріп тастаса керек…»…өйтсе керек, бүйтсе керек» деп өсек айтып, күнаға батқанша, нақты дәлелмен сөйлеп үйрен, журналистсымақ байғұс. Қазақ журналистикасының күні сендейлерге қараған соң не сорым… Жоғарыда Рая Мұхамедьярованың сөзін келтірдім ғой — мына түрлеріңмен сендер Қыдыр мен Қарақатты да ажыратып тынып, төрт баланы тірі жетім етуден тайынбайсыңдар…

Бұл өсек таратушы сайт: «…екеуін өшіріп тастаса керек» дейді — Ләйләні, мені айтып отыр. Мені өшіру үшін мен оның «достары» қатарында болуым керек шығар — бірақ мен оның достары қатарында болған емеспін…

Қыдырды жақсы музыкант, талантты продюсер ретінде құрметтеймін, ол туралы кезінде «Айқынға» жақсы мақала да жазғанмын…
Егер Қыдыр екеуімізге қатысты өсек қатты толғандырса, менің кітабым жарыққа шыққанда, оқып аласыздар…


Сәлеммен, Сәуле Әбединова

 

Рекомендовать
Последние новости