Сәрсенбаев Путиннің жоспарына қалай тосқауыл қойды?

Қаракөз Амантай 27 мар. 2024 14:42 4067

Бірқатар шетелдік басылым 2003 жылы еліміздің саяси қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы Путиннің Қазақстанға бағытталған үлкен жоспарына тосқауыл қойғанын жазып жатыр. Ақпараттарға сүйенсек, оқиға Ресей мен Қазақстанның бірінші өңіраралық ынтымақтастық форумында өрбіген көрінеді. Мән-жайдың анық-қанығын білу үшін Dalanews.kz агенттігі саяси мәселеге шолу жасап көрді. 

Алдымен оқиғаның неден және қалай басталғанына тоқталып өтейік. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Ресей басшылығы Орталық Азиядағы бес елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындады. Мемлекеттердің әрқайсысы тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикасы мәртебесін толыққанды иеленген болатын. Десе де өзгерістерге қарамастан, Мәскеу оларға бодан мемлекет ретінде қарауын жалғастыра берді. Бұл президент Владимир Путиннің саяси әрекеттерінен айқын көрініс тапты.

Әсіресе, Ресейдің Қазақстанға құрған жоспары ауқымды болды. Өйткені ол Орталық Азияның қалған бөлігін жаулап алу үшін елімізді қажетті нысан ретінде пайдаланғысы келді. 

Кеңес Одағы кезінде әлемнің саяси картасында “Орталық Азия” аймағы болған жоқ. Себебі Мәскеу бұл аймақты үнемі “Орта Азия және Қазақстан” деп атап келді. Осылайша термин біртұтас Кеңес мемлекетінің оңтүстік шекарасы шеңберінде қолданылды. КСРО саяси аренадан жойылғаннан кейін, Ресейдің мемлекет және саяси қайраткерлері Қазақстанды өздеріне бағынышты мемлекет ретінде көрсетуді насихаттай бастады.

Осы ұстаным арқылы ресейлік саяси элита Орталық Азия республикасын Беларусь және Украинамен бірге Мәскеудің бақылауына қайтаруды көздеді.

2003 жылдың ақпанында Кремль осы тұжырымдаманы енгізу мақсатында Беларусь, Украина, Қазақстан және Ресейден құралған Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісім жасайды. Дәл осы мақсатта 2014 жылдың мамырында Еуразиялық экономикалық одақ та  (ЕАЭО) құрылады. Бастапқыда Ресей үшін біртұтас кеңістікті құру идеясы маңызды бастама болып көрінеді. Өйткені ол ТМД-ның төрт ірі экономикасын біріктіріп, Қазақстан мен қалған елдердің сыртқы шекарасын Ресейге бағындыруды көздеді.

Алтынбектің Путин жоспарына қарсылық танытуы

Иә, бұл шындыққа жанасады. Себебі 2003 жылы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында “Ресей мен Қазақстанның сыртқы шекараларын бірлесіп қорғау” туралы елеулі келіссөз талқыланды. Бұл құжатқа Путин мен Назарбаевтың қатысуымен өтетін I өңіраралық ынтымақтастық форумда қол қойылуы керек болған. Дегенмен Путиннің жоспары жүзеге аспады. Себебі қазақ шенеуніктері құжатқа қол қоюға қарсылық танытқан. Соның бірі саяси қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев екені айтылады.

Бұл мәселенің қалай өрбігенін 2002-2003 жылдар аралығында Қазақстанның Мәскеудегі елшісі болған және 2006 жылы 43 жасында қаза тапқан саяси қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев БАҚ өкілдерінің біріне баяндап береді. Әңгіме 2005 жылдың қазан айында оның сол кезде үш адаммен бірлесіп басқарған партияның штаб-пәтерінде болған.

Журналистің айтуынша, өңіраралық ынтымақтастық форум 2003 жылы 15 сәуірде өткізіледі деп жоспарланған.Алайда Сәрсенбаев Омбыға алдын ала барады. Іс-шара барысында ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, ТМД істері және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі комитет төрағасы Нұрлан Онжановпен кездеседі. Осы сәтті пайдалана отырып, Алтынбек Сәрсенбаев форум барысында қол қойылуы тиіс келісім жобаларын көрсетуді өтінеді.

Басында Нұрлан Онжанов елшінің өтінішін орындағысы келмеген. Бірақ кейін көрсетуге келісімін береді. Осылайша, Алтынбек Сәрсенбаев Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында "Қазақстанның сыртқы шекарасын бірлесіп қорғау туралы" келісіммен танысып шығады.

“Сосын не істегенім маңызды емес. Ең бастысы, бұл келісімге қол қойылмады”, - деген екен Алтынбек Сәрсенбаев.

Мәскеуге қайтар жолда саяси қайраткер Герман Грефпен бірге ұшады.

“Ол Путиннің шара соңында неге сонша ренжігенін сұрады. Мен білмейтінімді айттым”, - деп саясаткер сөзін қысқа қайырған көрінеді.

Кездесуде автор бұл ақпаратты бөлісуге болатынын яки болмайтынын сұрайды. Өз кезегінде ол кейінірек жариялауға болатынын жеткізеді.

Содан бері біраз уақыт өтті. Бірақ Ресейді Орталық Азия мәселесі әлі де алаңдатып отыр. Осы тұста мәселені шешудің әртүрлі нұсқасы талқыланып жатыр. Мәселен, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан азаматтарына ғана емес, қазақстандықтарға да Ресей Федерациясымен визалық режим енгізу туралы ұсыныс қарастырылып жатыр.

2017 жылы 15 сәуірде Алексей Навальный  “Коммерсант.ру” агенттігіне берген сұхбатында осы мәселеге байланысты пікір білдірген болатын.

“Челябі облысы Қазақстанмен шекаралас. Сіз әлі де Орталық Азия елдерімен визалық режим енгізу қажет деп ойлайсыз ба?", "Иә, бұл бағдарламамның маңызды тармағы. Мойындаймын, Қазақстанда көші-қон мәселесінде үлкен мәселе жоқ – ондағы өмір сүру деңгейі айтарлықтай жоғары. Қазақтар айына 5 мың рубль табамыз деп Ресейге қашып жатқан жоқ. Бірақ бұл - транзиттік ел. Мен визалық режим мәселесінде қорлайтындай дүниені көріп тұрғаным жоқ. Мысалы, Еуропа мен біздің арамызда да визалық режим бар. Көші-қон саясаты әлі де хаоста, ешкім мигранттардың нақты саны туралы анықтама бере алмайды. Біз керісінше Ресей мен Еуропа арасындағы визасыз режим идеясын ойластыруымыз қажет. Бұл дұрыс және қисынды, өйткені Ресей - еуропалық ел”, - деген болатын Навальный.

Міне, Алексей Навальныйдың 7 жыл бұрын көтерген "визалық режим" мәселесі әлі де өзекті. Себебі Қазақстан Ресей басқаратын ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі. Оның құрамына Беларусь, Армения және Қырғызстан да кіреді. 

Осы тұста Крокус Сити Холлда болған соңғы оқиғаларды ескерсек, Путин Навальныйдың ұсынысын алдағы уақытта қарастыруы мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости