Сарапшы Қазақстанда баспана қаншалықты қымбаттайтынын айтты

Қаракөз Амантай 15 июл. 2025 16:47

Сарапшы Олжас Байділдинов Жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне инфляция мен салық реформасы әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Инфляция, салықтардың өсуі және бастапқы нарыққа ҚҚС енгізілгенін ескерсек, бұл – заңды құбылыс. Үкімет тарапынан күрт қымбаттау күтіліп отырған жоқ. Менің болжамым бойынша, әртүрлі өңірлерде қайталама нарықтағы баспана бағасы 5–10% шамасында өсуі мүмкін", – дейді Байділдинов.

Баспана бағасының нақты қашан өсетіні туралы сарапшы нақты уақыт межесін атаған жоқ. 

Айта кетейік, Қазақстанда тұрғын үймен жасалатын мәмілелер саны екінші ай қатарынан азайып жатыр. Маусым айында 33 273 мәміле тіркелген, бұл мамырмен салыстырғанда 2,1%-ға аз.


Рекомендовать
Последние новости