Сапарбаев Қордайдағы жанжал кезінде қаза тапқан отбасыларға көңіл айтты

Dalanews 10 февр. 2020 03:03 836

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құрамына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, ҚХА өкілдері кірген Үкімет комиссиясының басшысы Сортөбе және Масанчи ауылдарында болды, қаза тапқандардың отбасыларына барып көңіл айтты.

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің атынан шын қайғырып көңіл айтамыз. Біз сіздерді бұл қиындықта қалдырмаймыз, сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етеміз. Сіздердің отбасыларыңызға көмектесеміз, мемлекет сіздерді қолдайтын болады, – деді Бердібек Сапарбаев.


Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар биліктен кінәлілерді тауып, жазаға тартуды сұрады.

– Бұл қылмыскерлік ниетпен жасалды. Бейтаныс адамдар ауылда жүріп, үйлерді өртеп, ақша мен алтын талап етіп, қарумен қорқытқан. «Үйлерің өртеніп жатыр, шығыңдар» деген. Олардың арасында мас адамдар болды, – деді тұрғындар.


Сонымен қатар вице-премьер тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көрді.

– Мемлекет басшысы отбасыларға барлық қажетті көмекті және қолдауды көрсетуді тапсырды. Комиссия құрамында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ.Өскенбаев барды. Қазір мамандар келтірілген зардапты бағалап жатыр, барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалпына келтірілетін болады, – деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар Үкімет комиссиясының мүшелері жерлеу рәсімдеріне қатысты.

 

Рекомендовать
Последние новости