Сапарбаев: "50-60 мың жалақы ұсынатын жұмыстан бас тартпаңдар"

Dalanews 10 янв. 2020 10:11 813

"Қажет болған жағдайда бірнеше жерге орналасып, демалыс күндері де жұмыс істеуге болады", – дейді Сапарбаев.




Вице-премьер Бердібек Сапарбаев жұмыссыз жастарға 50-60 мың теңге айлықтан бас тартпауға кеңес берді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Жұмысқа орналасқан жас маманға бірден жоғары жалақы төлемейді. Жұмыспен қамту орталықтары айлығы 50-60 мың теңгені құрайтын (157 доллар) жұмыс ұсынса, бас тартпау керек. 

Әрі қарай алып кетуі маманның өз қолында, тырбанып еңбек етсе ертеңгі күні айлығы да өседі. Жастарға айтарым: жұмыс істеңдер. 


Қажет болса ек жерге жұмысқа тұрып, түнде де, демалыс күндері еңбек етіңдер, – дейді Үкіметбасының орынбасары.   

Сапарбаев еңбекке жарамды әрбір азамат өзін-өзі асырап, еріншектікке салынбауы керек деп есептейді. Оның айтуынша мемлекет әрбір азаматқа өзін-өзін ширатуға, өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Бұған мысал ретінде Сапарбаев "Еңбек" бағдарламасын сөз етті. Бағдарлама аясында жастарға өз бизнесін бастауын үшін гранттар мен шағын несиелер берілуде. 

Қазақстанда 14 пен 29 жас аралағындағы тұрғындардың саны дәл әзір 3,8 млн адамды құрайды. Бұлардың 2 млн 206 мыңы экономикалық белсенді тұрғындар саналады. 2 млн 121 мың адамның тұрақты жұмысы бар. Ал 84,7 адам екі қолға бір күрек таппай қиналуда. 

Бұдан бұрын президент Тоқаев жастарға үн қатып, жақсы оқыған және ерінбей еңбек еткен адамның арманы орындалатынын тілге тиек еті. 

Былтырғы "Жастар жылында" 2 млн-нан аса мемлекеттік бағдарлама аясында қолдауға ие болған. Өткен жылы жастар саясатын қаржыландыру бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда 40 есе өскен. 

Рекомендовать
Последние новости