Санавиация шалғай ауылдарға медкөмекті жедел әрі тиімді жеткізетін маңызды сала

Жарбол Кентұлы 17 сент. 2024 20:06 1413

Кең байтақ жерге иелік ететін Қазақстан үшін санитарлық авиацияның жедел, әбжіл әрекет етуі қашан да маңызды. Жол қатынасы қиын шалғай елдімекендерді мекендейтін ағайынның басы ауырып, балтыры сыздаса санавиациядан басқа сенері жоқ. Сондықтан мұндай шұғыл медициналық көмек көрсететін санавиацияның жыл өткен сайын дамытудың маңызы зор.

Санитарлық авиация ауыл мен орталықтан шалғай жатқан жерлердегі медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін негізгі сала. Сол себепті ел азаматтары санавиацияны ауыл халқына медициналық көмекті жедел әрі тиімді көрсететінін жоғары бағалайды.

Санавиация қызметі Қазақстанда 2011 жылы жұмысын бастап, жыл өткен сайын қызмет ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінде бұл қызметті денсаулық сақтау саласындағы цифрландырумен тығыз байланыстырудың маңызы зор. Өйткені цифрландыру саласы медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды қашықтықтан диагностикалау мен емдеуді қашықтан ұйымдастыруға болады.

Осы ретте еліміздегі санавиация қызметінің негізгі бағыттарына тоқтала кетсек. Қазір санавиация ауылға шұғыл медициналық көмек көрсетіп келеді. Ауылдағы ағайынға медициналық бригадалар әуе жолымен жедел жетіп, тиісті ем-шараларды жүргізіп, талай адамды ажалдан арашалып қалғанын білеміз. Ауыр халдегі науқастарды қаладағы ірі емханаларға, арнайы медициналық орталықтарға жеткізіп жүрген санавиация мамандарына халықтың айтар алғысы көп.

Сол себепті бұл саланы технологиялық жабдықтап, жаңғыртуды үздікіз жүргізу керек. Мамандардың сөзіне сенсек, қазір еліміздегі санитарлық авиация қызметінің ұшақтары мен тікұшақтары реанимациялық техникамен толықтай жабдықталған. Науқастың жағдайын тұрақтандыратын медициналық құрылғылардың бәрі бар.

Соңғы екі жыл көлемінде санавиация қызметі 3 мыңнан астам шұғыл медициналық тасымалдауды жүзеге асырған. Бұл көрсеткіш санитарлық авиацияның ауыл мен шалғай жерлердегі халық үшін қаншалықты қажет екенін көрсетеді.

Бүгінде санавиация саласының кезек күттірмей шешуді қажет ететін мәселелер де бар. Айталық, қазір жанармай шығыны мен әуе көлігінің қымбаттығы мемлекеттік қазынағы біраз салмақ түсіретіні жасырын емес. Бұдан басқа кадрлық мәселе де жиі кездеседі. Әуе медицинасы саласында тәжірибелі мамандардың жетіспеушілігі бар. Десек те елімізде санитарлық авиацияның дамуына қатысты алға басушылақтар бар. Келешекте санавиацияның тиімділігін арттыру үшін инфрақұрылым мен мамандарды дайындау жүйесін жақсарту керек.

2023 жылғы деректерге назар аударсақ, еліміздің санавиация қызметінде 25 әуе кемесі халыққа қызмет көрсетуде. Оған тікұшақтар мен ұшақтар кіреді. Санавиациялық орталықтар еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасып, әуе кемелері медициналық көмек көрсетудің жеделдігін қамтамасыз етіп келеді.

Сонымен қатар, санитарлық авиация қызметін ұйымдастыру барысында Қазақстандағы әуе компанияларының ресурстарын да пайдаланамыз. Осылайша шалғайдағы шағын ауылдарға жедел көмек көрсету ісін жүзеге асырып келе жатқанын айта кетуіміз керек.

Санитарлық авиация паркі алдағы уақытта әуе кемелерінің санын арттырып, оларды жабдықтауын жақсартуды жоспарлап отыр. Өйткені, денсаулық сақтау саласындағы сұраныс жыл сайын артуып келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік санавиацияға бөлінетін қаржысы жыл өткен сайын артуда. 2023 жылғы деректерге назар аударсақ, аталмыш саланың қызметіне жылына шамамен 5 миллиард теңге бөлінгенін байқаймыз. Бұл қаржыға әуе кемелерін ұстау, техникалық қызмет көрсету және ұшақтар мен тікұшақтар орнатылған реанимациялық және диагностикалық аппараттарды жөндеу, жаңарту керетінін айта кетуіміз керек.

Бұдан басқа санавиация саласында жұмыс істейтін медициналық персоналдың, ұшқыштар мен техникалық қызметкерлердің жалақысы да кіретінін айта кетуіміз керек. Шалғайдағы жерлердегі көмек көрсету үшін инфрақұрылымды дамыту, әуежайлар мен қону алаңдарын күтіп баптап ұстаудың маңызы зор.

Қазақстанда санавиацияның маңызы артқан сайын, қаржыландыру көлемі де өсе беретіні сөзсіз. Алдағы жылдары санитарлық авиацияны жаңғырту мен әуе паркінің санын көбейту үшін қосымша қаржы бөлу жоспарланып отыр. көзделіп отыр. Жалпы, санитарлық авиация елдегі медициналық көмекті жедел әрі тиімді жеткізуде маңызын жойған емес. Жоймайтыны да анық.

 


Рекомендовать
Последние новости