С. Сапарғали. Козлов - алаяқ...

Dalanews 10 сент. 2016 07:25 828

Бұл материал Abai.kz ақпараттық порталының электронды почтасына Ерлан Көбенұлы атты азаматтан келіп түсті. Аталған азамат белгілі саясаткер Серік Сапарғалидың мақаласын портал оқырмандарына ұсынуды жөн санаса керек.

Біз осы мақалада сыналған азаматтардың айтары болса, оларға да мінбер беруге дайын екенімізді ескертеміз.

Мақаладағы стилдік һәм граматикалық қателіктер көп түзелмей, сол күйінде ұсынылып отыр.

Abai.kz ақпараттық порталы


ВЛАДИМИР КОЗЛОВ ЕКІЖҮЗДІ, САЯСИ АЛАЯҚ ЕКЕНІН ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ТОЛЫҚ ӘШКЕРЕЛЕЙМІН!  МАМАЙДЫҢ ДА ІСІ СОЛ…

Кеше бір жолдас жігіт; «Сәке, Сізге Козлов сұбхатында тиісіпті, "Новая газета" деген жерде» - деп телефон соққан.

Интернеттен тауып қарасам - шындық…

Менің атымды атамаса да жанамалап сынап өтіпті.

Бұл не деген арсыздық, десеңізші?

Мен тек "ЖАҢАӨЗЕНГЕ КОЗЛОВТЫҢ НҰСҚАУЫМЕН БАРДЫМ" деп айтпағаным үшін 9,5 ай қамалдым, 4 жылға сотталдым.

Солай айтпаған соң, тағы бір бап жамап, мені Козловтың «қылмыстық тобына» қоса алмады ҰҚК-і.

Ал, сол сұхбатта "ХОРОШИИ ДРУГ" деген Болат Атабаевтың айыптау жағына шығып, бізді, яғни істегі Әбіләзов, Кетебаев, Козлов, Аминов, Сапарғали, Мамайды әшкерелеуге арыз жазғанын біліп отырып оны  қалай айтады?



Мамайдың да ісі сол.

Неге Козловтың мына екеуіне тісі батпайды, өйткені, бұлар қашқын олигархтың жақын адамдарымен байланыста…

Ақжанат Аминов та ҰҚК-і айтқанның бәріне қол қойып, еш қарсылық істемеді.

Мен оны автозактың ішінде Козловтың көзінше жеті атасына дейін боқтадым: «Ей сен мені тіпті көрген де жоқсың ғой, неге мен туралы жазасың?» - деп.

Ал, Ерлан Қалиев деген сұмырай (қазір қасында жүрген) менің куәм болып тұрып, ҰҚК-нің «23 қарашадағы жиналысты бүлдірді, арандатты» - деген жалған айыптауын қолдап сотта маған қарсы сөйлеп, нағыз сатқындық істеді.

Козлов оны көрмейді, байқамайды.

Өзінің Маңғыстау бойынша үйлестірушісі Айжангүл Амирова тіпті сотта Козловтың өзіне шабуылдады.
Сотта Айжангүлдің сол кезде Жаңаөзен әкімінің кеңесшісі, жақын құрбысы арқылы билікке де қызмет еткені ашылды.

Оған Козлов міз бақпайды…

Негізінде, оппозициядамыз деп жүргендерді көп сынағым келмейді, нағыз қазақ мүддесіне жаулығы болмаса.   Бірақ, біраз саяси білімдері төмен адамдар, Әбіләзовтың ақшасына мұны Илья Муромец қылып жарнамалап жүрген Қуанышалин, Қадырбаева, Жүсіп сияқты ұлттық мүддені баяғыда сатып кеткендерге сеніп жүр.

Козловқа шын күресу туралы ұсыныс апарғанымда ол "Жоқ, біз ондайға бара алмаймыз" деді. Ал, мен есіктен шыққан соң Әлияның көзінше артымнан жеті атама дейін боқтапты. Сол "прослушкадан" шығып масқара болып, Козлов менен жазбаша кешірім сұрады. Оны да көрсетем, осында.

Сондықтан, Козов күрескер емес, тек Әбіләзовті Оппозиция Лидері, қудалаудағы демократ-саясатшы деп көрсету үшін жобалардың ұйымдастырушысы ғана!

Ол тіпті Назарбаевтың ары қарай отыра беруін қалайтынын осы сұхбатта да білдіріп қойыпты: «Вообще, мне страшно. Я еще до отсидки неоднократно повторял: не дай Бог, с президентом что-то случится (разговор записывался еще до ситуации с президентом Узбекистана – прим. «Новой» – Казахстан»). »

Сондай алданған адамдардың көзін ашқым келеді.

Менде бұл алаяқтар туралы көптеген фактілер мен аргументтер бар.

Бұлардың іс жүзінде қандай адамдар екенін білу үшін тек бір-ақ нәрсе керек - барлық ШЫНДЫҚТЫ АЙТУ, ЖАЗУ КЕРЕК.

Ең бастысы, Жаңаөзен Әбіләзов пен оның сенімді нөкерлеріне іс ашу үшін сылтау екенін түсіну керек.
Козлов та Мұхтар Жакишев сияқты бір-ақ себеппен отырды, Әбіләзовтің адамы болғаны үшін.
Сол алаяқ Әбіләзовтің арқасында БТА Банкіде 14-15 орта деңгейдегі жастар 5-6 жылға жазықсыз сотталып кетіпті, Оны соларды да қорғаған менің адвокатым Күлпаш Айғырбаева айтты. Ал, олар туралы "Республика", "Взгляд" жаза ма? Жоқ!

Әрине, "АЛҒА-да" көптеген алданған таза адамдар болды, шындықты білмеген.

Ақтауда қамауда жатқанда АЛҒА мүшесінің: "Біздің Әбіләзовқа ешқандай қатысымыз жоқ!" деп жазғанын әбіләзовшылар өз газетінде ұялмай басып отыр. Бұдан асқан қандай екіжүзділік керек?
Ал, соттағы құжатта Козлов 98% қаржыны "АЛҒА-ға" Әбіләзов берген, қалғаны менің ақшам дейді…
Міне, «ХАЛЫҚТЫҚ» партия!

Сондай фактілердің біздің Істен біразы шықты, ішінде, тіпті, мені де қатты таң қалдырғандары болды…

Ал, бұл жазғандарым айсбергтің төбесі ғана, Ағайын…

Ақиқатты кейнірек оқисыздар, Алла бұйырса, осы жерден.



Серік САПАРҒАЛИ, Facebook-тегі парақшасынан

Рекомендовать
Последние новости