Риддердегі спорт колледжінің 300 орынды оқу корпусы қашан салынады?

Dalanews 07 сент. 2023 03:17 1207

Өскеменнің іргесіндегі Риддерді қысқы спорттың отаны деп бекер атамайды. Қаланың табиғатының өзі осыған бейімделген. Ал болашақ чемпиондарды кикбоксингтен бес дүркін әлем чемпионы Асқар Можанов басшылық етіп отырған Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде дайындайды.

Мектептің тарихы 2002 жылдан бастау алады. Бұл шаңғымен жүгіру, биатлон, тау шаңғысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноубординг, есу слаломы және жеңіл атлетика секілді олимпиадалық спорт түрлерін дамытумен айналысатын жалғыз республикалық интернат.

– Мектеп-интернат – бұл спорттағы дарынды балаларды іріктеу, – дейді Асқар Можанов. – Риддер Шығыс Қазақстанның қысқы спортының астанасы болғандықтан, мұнда барлық климатық жағдайлар бар, сапалы қар жамылғысы 6 айға дейін сақаталды.

Иванов жотасының етегінде орналасқан шағын қалаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен балалар келіп оқиды. Бүгінде мектеп-интернат-колледжінде елімізің 9 өңірінен келген 250 бала бар.


Олардың ішінде 80 бала қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының құрамына және Қазақстан құрамасына кіреді. Балалар оқуды 7 сыныпта бастайды, сабақтар екі тілде жүргізіледі.

– Жуықта роликті шаңғы бойынша Әлем чемпионаты өтті, онда біздің мектептің тәрбиленушілері қола медаль алды. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан да жарыс өткен болатын, мектебіміздің түлегі Ефим Тарасов чемпион атанды. Интернаттың тарихы өте бай, біздің түлектеріміз қазір осында жаттықтырушы, ұстаз болып жұмыс істеп жүр, – деп жалғастырды өз сөзін Асқар Можанов.

Балаларға Риддерде оқыған ұнайды екен. Әр бапкер тәрбиеленушісінің еліміздің туын ертең әлемдік аренада көтеретінін білгендіктен, оны баптауға жанын салады.

Мол тәжірибесі мен әлемдік даңқы бар мектеп басшысы да өзінің спорттық тәжірибесімен және чемпион болудың сырымен бөлісіп отырады.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда мектепте балаларға барлық жағдай жасалған, мұнда лицензияланған медициналық кабинеттер, оқу сыныптары, кітапхана, асхана, жаттықтыру залдары бар.

Дегенмен, балалардың медаль үшін халықаралық деңгейде сенімді күресуі сапалы материалды-техникалық базаны қажет етеді.

– 2017 жылы республикалық бюджеттен 300 орынға арналған екі спортзалы бар оқу корпусының құрылысына қаражат бөлінген болатын, бірақ, өкінішке орай, ол әлі аяқталмай тұр, – дейді мектеп-интернат-колледждің директоры.


Айтуынша, алдымен Спорт және туризм министрлігі сараптама жүргізуі тиіс, содан кейін ғана нысанның тағдыры шешіледі.

Рекомендовать
Последние новости