Руслан Берденов білім жүйесіне өзгеріс енгізуді ұсынды

Сағыныш Сардарова 13 янв. 2026 15:24

Экс-депутат Руслан Берденов білім жүйесіне өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде Руслан Берденовтің білім беру жүйесіне қатысты айтқан пікірі қызу талқыға түсіп, оқырмандары өңірлердегі түйткілді мәселелерді жеткізген.

"Өте өзекті мәселе қозғадыңыз. Мен өзім мектепте мұғалім болып жасаймын. Оқу жыы басталғалы бітпейтін іс-шара, селкілдеуден сынып жетекшілер шаршадық. ...Өзі айналдырған 45 минут", "Мен де мұғаліммін, көзбояушылық өте көп", "Мектепте рейтинг деген болмауы керек. Көзді жұмып, өтірік бағаны қоямыз, әйтпесе сыныптың рейтингі, мектептің рейтингі түседі деп", "Әйтеуір бітпейтін флешмоб, видео түсіру керек мұғалімге, қашан сабақ өтеді мұғалім?" - деді олар.

Енді бір мұғалім бітпейтін іс-шараның кесірінен жеткізу қызметіне жұмысқа кіргенін айтқан.

"Ұлтты тәрбиелеуге тиіс мұғалімдеріміз, өкінішке қарай, бүгінде курьер болып жүр", - деді бұл турасында Руслан Берденов. 

Сондай-ақ, би кеші сияқты шараларға тоқтау болу керек екенін жеткізді.

"Біз мектеп кезде мұғалімдерден жасырын дискотека ұйымдастыратынбыз. Оның тәрбиелік те, өмірлік те пайдасы болған жоқ. Керісінше Zuko мен Invite сияқты сусындардан басталған әдет уақыт өте алкогольге ауысты. Көп жас ішімдікті дәл осындай отырыстардан үйренді. Қазір болса дискотека - кейбір мектептерде апталық міндетті программа", - деді ол.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove