Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа талап енгізіледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
qazaqstantv мәліметінше, 30 маусымнан бастап Ресейге сапар шегетін Қазақстан азаматтары үшін жаңа ереже күшіне енеді.
Енді шекарадан өтерден 72 сағат бұрын арнайы цифрлық профиль толтыру міндетті болады. Бұл процесс RuID деп аталатын жаңа мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Қосымшада азаматтар өздерінің жеке мәліметтері мен фотосын жүктеуі, сондай-ақ, медициналық сақтандыруды рәсімдеуі қажет.
Жаңа жүйе заңсыз көші-қонмен күрес мақсатында қолға алынып отыр және барлық шекара өткізу бекетінде қолданылады. Бұл талап 6 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ, Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
Ресейге кіру үшін әрбір Қазақстан азаматы QR-код алуға тиіс. Бұл талап паспортпен де, жеке куәлікпен де шекара асатын азаматтарға бірдей қолданылады.