"Семей орманында" 260 мыңнан астам көшет ұрлағандар ұсталды

Көркем Алдабергенова 22 мая 2025 18:20

Абай облысы Бесқарағай ауданында 260 мыңнан астам көшеттің ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бесқарағай ауданы аумағында Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді.

Нәтижесінде «Семей орманы» РММ Долон филиалының аумағынан жалпы сомасы 519 861 516 теңгеге бағаланған 264 426 көшеттің жасырын ұрланғаны анықталды.

Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар облыс тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

2025 жылғы 21 мамырда Курчатов қаласының соты үкім шығарып, күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, олар мүлкін тәркілеусіз 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.


Рекомендовать
Последние новости