Ресейде орманнан табылған маугли-бала мен оның әкесі Өзбекстанға оралды

Dalanews 07 дек. 2020 08:14 802



Мәскеу облысында қиын жағдайға тап болып, жеті жастағы баласымен орманда тұруға мәжбүр болған өзбек азаматы елге оралды.





Өзбекстанның сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, Шухрат Жалилов пен оның ұлы Амал Жалилов 3 желтоқсанда Мәскеу-Ташкент рейсімен ұшып келді. Әуежайда оларды агенттік өкілдері күтіп алып, тұрақты мекеменге жеткізді.

Бұның алдында интернет басылымдар мен әлеуметтік желілерде Мәскеу облысында орманда әкесімен тұратын баланың қаладаға балалар алаңқайына ойнауға келіп жүргені туралы хабарлаған. Қазан айының соңында Амалды жергілікті тұрғындар байқап қалған. Ол әкесімен бірге орманда тұратынын айтқан. Баланы ауруханаға әкетіп, одан соң оны балалар үйіне орналастырған.

Агенттің мәліметіне қарағанда, Өзбекстанның 1974 жылы туған азаматы Шухрат Жалилов ұзақ уақыт Ресейде өмір сүрген. 2013 жылы оның ұлы дүниеге келді. 2020 жылы тамызда баланың анасы қайтыс болды. Жұмыссыз қалған Шухраттың пәтер жалдауға ақшасы болмай, пандемия кезінде елге орала алмады.

19 қарашада орманнан табылған Амал Жалиловқа туу туралы куәлік берілді. Жергілікті басылымдар Амалды Маугли деп атаған.



Рекомендовать
Последние новости